Қарасу ауданы
21 тамызда Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сенатор С. Карплюк халықпен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді, онда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуде сенатор мемлекет ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, негізгі салаларда тиісті шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Бұл шаралар ауылдың дамуы мен ауылдық жерлердегі өмірге оң әсерін тигізе бастағаны атап өтілді.
Сапар соңында С.Карплюк Қойбағор ауылында болып, «Astana grand Trade» ЖШС-нің егістіктерін аралап, дене шынықтыру - сауықтыру кешені құрылысының барысымен, сондай-ақ Қарасу - Үлкен Чураковка жолын жөндеу жұмыстарымен танысты.