Сенаторлар Қостанай облысының мәслихат депутаттарымен және жұртшылығымен кездесті.
Кездесулерде Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың облыста іске асырылу барысы және Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпал ету бағытында мәслихаттармен бірлескен жұмысы туралы мәселелер талқыланды.
Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде жоғары шекті және қосылған құны жоғары сектор ретінде машина жасау саласы ерекше рөл атқарады. Сондықтан отырыс барысында машина жасау ісіндегі өзекті проблемалар көтерілді. Олардың қатарында қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландырудың болмауы, шикізаттың қымбаттығы, импортқа тәуелділік, өндіріске жаңа технологияларды енгізу сияқты мәселелер бар.
Қостанай облысы айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуетке ие. Оның ішінде тау-кен және машина жасау салалары ерекше рөл атқарады. Өңірде көптеген маңызды индустриялық жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Қостанай облысының шаруалары елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және дәнді дақылдардың жоғары өнімділігіне қол жеткізуге елеулі үлес қосып келеді.
Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесу барысында Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетіне назар аударып, Сенат депутаттары оны іске асыруға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, іс-шарада өнеркәсіптік, индустриялық өндірісті ұлғайтуға және аграрлық секторды дамытуға арналған жобаларды қолдау мәселесі кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар кездесуде Мемлекет басшысы Мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында айтқан бастамаларды тиімді іске асыру үшін барлық деңгейдегі депутаттардың өзара іс-қимылын нығайту маңызды екеніне баса мән берілді.
Сонымен қатар сапар аясында Сенат Төрағасы KІА автомобильдерін шығаратын зауыт құрылысының барысымен танысты. Одан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС темір құю зауытына, «СарыарқаАвтоПром» және AGROMASH кәсіпорындарына арнайы барды.