Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сергей Карплюк ТМД ПА Бақылау-бюджет комиссиясының отырысына қатысты

11.03.2025 298

Санкт-Петербург қаласындағы Таврия сарайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының Бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк қатысты.

Қатысушылар отырыс барысында ТМД ПАА қызметін қаржыландыру, ұйымның бюджетін қалыптастыру және атқару мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Ассамблеяның 2025 жылға арналған жұмысын ұйымдастыру және қаржы мәселелері қаралды.

ТМД-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің өкілдері мен ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының лауазымды адамдары талқылауға қатысты. Комиссия мүшелері ұлттық мемлекеттік бюджет туралы заңдарды қабылдау тәжірибесімен бөлісіп, ұйым қызметін қаржымен қамтамасыз етуге қатысты ТМД ПАА Кеңесінің шешім жобаларын әзірледі. Отырысқа Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Көлік, коммуникация, сәулет және құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Бактыбек Сыдыков төрағалық етті.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМД ПАА-ның қаржы тетіктерін одан әрі дамыту және ұйым аясындағы бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Бөлісу