Сенаторлар С.А. Карплюк, Б.Б. Аққожина жұмыс сапары барысында Қостанай облысының Жітіқара ауданына барды
Сапар бағдарламасына әлеуметтік нысандарды, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарын тексеру, сондай-ақ аудан тұрғындарымен кездесу кірді.
Алғашқы нысандардың бірі Жітіқарадағы аудандық емхана болды. Ауданы 4,6 мың шаршы метр медициналық мекеме 1999 жылдан бері жұмыс істемеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, олардың аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Сенаторлар медициналық нысанды пайдалануға қайтару аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
Ауданның жылу беру маусымына дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Сенаторлар Жітіқара қаласының 11 шағын ауданында қайта жаңарту жүргізіліп жатқан жылу желілерінің үш учаскесін қарап шықты. Бұл жобаларды іске асыру аудан тұрғындары үшін жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылу желілері мен су дайындау жүйелері жаңғыртылуда; білім беру мекемелерінде қазандықтарды көшіру және жаңарту жүзеге асырылуда, жұмыстар жоспарланған объектілердің жартысынан астамында жүргізілді. Негізгі мақсат – жұмыстарды уақтылы аяқтау және қала тұрғындарын күзгі-қысқы кезеңде тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, парламентшілер қуаттылығы 3,2 МВт күн электр станциясы құрылысының барысымен танысты, оны іске асыру 12 жаңа жұмыс орнын құруды және ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беруді көздейді. Сенаторлардың айтуынша, бұл өңірде «жасыл» технологияларды енгізудің жақсы мысалы.
Сенаторлар ұзындығы 44 км болатын kz10-01 «Денисовка – Жітіқара – Мүктікөл» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесіне барды.
Милютинка ауылында парламентшілер абаттандыру нәтижелерімен танысты: жаңа спорт алаңдары, жүгіру жолы және стадиондағы көрермендер трибуналары, сондай-ақ жаңартылған көшелер. Ауылда сенаторлардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесулердің қорытындысы бойынша сенаторлар жоғарыда аталған мәселелерді жұмысқа алып, орталық мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер шеңберінде проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ тиісті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау шеңберінде оларды қаржыландыру мүмкіндігін қарау туралы атап өтті.