Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С.А. Карплюк, Б.Б. Аққожина жұмыс сапары барысында Қостанай облысының Денисов ауданына барды

20.08.2025 167

Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан «Автомобилист» стадионына барды. Нысан ауылдың спорттық өмірінің заманауи орталығына айналады. Мұнда аудандық мәслихат депутаттарымен және аудан активімен кездесу өтті, онда ауылды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сапардың соңғы нүктесі Фрунзе ауылындағы балабақшаны күрделі жөндеу объектісіне бару болды. Мектепке дейінгі мекемені қалпына келтіру де «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Кездесулер барысында сенаторлар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстар мен мәселелерді тыңдап, халықпен диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу