Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қостанай облысында жаңа Конституцияны талқылау бойынша кездесулер өтті

26.02.2026 159

Жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған ауылдық елді мекен тұрғындарымен және бюджеттік сала өкілдерімен кездесулер өтті.

Қостанай ауданында ауыл тұрғындары мен педагогтардың қатысуымен диалог ұйымдастырылды. Талқылауға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк қатысты. Жиынға қатысушыларға Ата Заң жобасының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған негізгі ережелері түсіндірілді. Тұрғындар ұсынылып отырған өзгерістерге қолдау білдіріп, алдағы референдумға қызығушылық танытты.

Фёдоров ауданындағы кездесу орта мектеп базасында бюджеттік сала өкілдері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті. Негізгі назар жаңа Конституцияда бекітілген мемлекеттің әлеуметтік сипатына, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, еңбек кепілдіктері мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне аударылды. Отбасын қолдауға, балалар мен аға буынға қамқорлық жасауға қатысты ережелер бөлек талқыланды.

Диалог барысында қатысушыларға әлеуметтік желілерде тарап жатқан дәйексіз ақпараттар бойынша түсіндірмелер берілді. Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің институционалдық негіздері мен кепілдіктерін күшейтетіні атап өтілді.

«Жаңа Конституция мемлекеттің әлеуметтік бағытын сақтап қана қоймай, оны нығайта түседі. Бұл жерде тек базалық кепілдіктерді бекіту туралы ғана емес, сонымен бірге оларды іске асырудың, әсіресе ауылдық аумақтардың тұрғындары мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін неғұрлым тұрақты тетіктерін құру туралы сөз болып отыр», - деп атап өтті Сергей Карплюк.

Алтынсарин ауданында Конституция жобасын талқылау Красный Кордон мектебінің педагогикалық ұжымымен өтті. Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің білім беру саласына және адам капиталының дамуына тигізетін әсерін қарастырды. Педагогтар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді және ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу