Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.
Бүгін сенаторлар «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Бұл заң экономиканың орнықты өсуіне және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, шығыстарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу есебінен мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту көзделіп отыр.
Дүниежүзілік Банктің ұлттық жобаларға қаржылық тұрғыда қатысуы ЖІӨ-нің тұрақты өсуін, шағын және орта бизнесті дамытуды және инновациялар мен жұмыс орындарын құру арқылы Қазақстанның инфрақұрылымын жүйелі жаңғыртуды қамтамасыз етеді.