Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сергей Карплюк Қостанай облысының өнеркәсібі мен инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады

09.01.2026 110

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк Қостанай облысында болып, өнеркәсіп секторының өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен және өңір активімен кездесті.

Сенатор Allur компаниясының өндіріс алаңында кәсіпорынның жұмысымен танысып, басшылықпен және еңбек ұжымымен облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың негізгі мәселелерін талқылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігіне әсер ететін логистика, көлікке қол жетімділік және инфрақұрылымдық шектеулер мәселелері басты назарда болды. Зауыт өкілдері логистика тізбектерін жетілдіру, шығындарды азайту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау туралы ұсыныстар айтты.

Депутат сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес өкілдерімен және Қостанай облысының активімен кездесті. Қатысушылар өңірлік дамудың басым мәселелерін, оның ішінде коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуды талқылады.

Сергей Карплюк аталған бағыттар Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында баяндалған тақырыптармен толық байланысты екенін атап өтті. Онда экономиканың нақты секторын дамыту, өнеркәсіптік базаны нығайту және өңірлерді өркендету үшін орнықты жағдай жасау қажеттігі айтылды.

Сенатор кездесулерге қатысушыларды банк қызметі мен салық реформасы саласындағы өзгерістермен қоса жүргізіліп жатқан заң шығару жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ халықпен және кәсіби қоғамдастықпен пікір алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу