Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта экономикалық өсуді қаржымен ынталандыру тетіктері талқыланды

18.05.2026 146

ҚР Парламенті Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруымен «Экономиканың өсуін қаржылық ынталандыру» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтті. Оған Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, қаржы секторының, даму институттарының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Үкімет сағаты барысында қатысушылар инвестиция тарту, экономиканың нақты секторын қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейту, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ даму институттары мен квазимемлекеттік құрылымдардың орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлін талқылады.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Арман Қасенов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, сондай-ақ «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов баяндама жасады.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықталып, Үкіметке жіберілетін болды.

Бөлісу