Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

25.06.2026 139

Бүгін сенаторлар «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын қарап, мақұлдады.

Бұл заңдар Қаржы нарығын дамыту және бизнестің инвестициялық капиталға қолжетімділігін жақсарту үшін қосымша ынталандыру болады.

Ұлттық рейтингтік инфрақұрылымды дамыту рейтингтік қызметтерді олардың құнын төмендету арқылы қолжетімді етуге мүмкіндік береді, бұл әсіресе шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды. Сонымен қатар, өзінің рейтингтік жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік тәуекелдерді бағалаудың шетелдік көздеріне тәуелділікті азайтады және елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу