Сенатор Алтынбек Нухұлы Азия Парламентаралық ассамблеяның 15 пленарлық отырысына қатысты
2025 жылғы 18-20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухұлы Баку қаласында Әзербайжан Республикасы төрағалық ететін Азия Парламенттік ассамблеясының 15-ші пленарлық отырысына қатысты.
Азия Парламенттік ассамблеясының (АПА) 15-ші пленарлық отырысына 35 мемлекеттен 280 мүшесі қатысуда. Пленарлық отырысты Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрайымы Сагиба Гафарова сөз сөйлеп ашты.
Күн тәртібіндегі «Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның рөлі» атты тақырыптың аясында баяндамалар жасалуда. Негізгі баяндаманың бірін АПА-ның бас хатшысы Мохаммад Резе Маджиди жасады.
АПА 2006 жылы Тегеранда (Иран Ислам Республикасы) халықаралық парламенттік ұйым болып құрылған. АПА-ның құрамына 42 мемлекет кіреді. 16 мемлекет және 9 халықаралық ұйымдар бақылаушы ретінде анықталған. АПА-ның мақсаты қатысушы елдердің Парламенттерін Азиядағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты күшейтіп, өзара диалог арқылы орнатуды көздейді.
Осы отырыста Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (СВМДА) Бас хатшысы, жерлесіміз, елші Қайрат Сарыбаймен кездестік.
Қазақстан делегациясы атынан әріптесім ҚР Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар мазмұнды баяндама жасады. Отызында орда бұзған әріптесімді үлкен жетістігімен құттықтаймын!
Бакудағы алаң Азия Парламенттік ассамблеясына қатысушы-елдердің саяси, экономикалық, сауда-саттық және басқада қарым-қатынасының кеңеюіне үлкен мүмкіндік береді.
АПА-ның 15-ші пленарлық отырысы жоғары деңгейде өтуде және Әзербайжан Республикасы Азия Парламенттік ассамблеясының төрағалығы кезінде ұйымның одан әрі дамуына зор септігін тигізетініне сенімдіміз.