Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының (эндаумент-қорлардың) қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңмен Кәсіпкерлік кодекске, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Білім туралы», «Қайырымдылық туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне «эндаумент-қорларға» деген сөзді «нысаналы капитал қорларына» деген сөздермен ауыстыратын норма енгізіледі