Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Екібастұздағы кездесулер

30.12.2025 196

Сенатор Алтынбек Нухұлы Екібастұз қаласының Әкімі А.У. Бейсекинмен кездесті. Сосын қалалық мәслихатының биылғы жылдың қорытынды сессиясына қатысты. 

Сессия жұмысына Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы, қала әкімі Аян Бейсекин, облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала мәслихатының депутаттары қатысты. 

Ағымдағы жыл табысты әрі мазмұнды жыл болды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар маңызды міндеттерді айқындады. Атап айтқанда, өңірлік инфрақұрылымды жаңарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау. Президент тапсырмаларына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының жұмысында да осы бағыттар басымдыққа ие болды.

Жыл ішінде 12 сессия өткізіліп, 100-ге жуық мәселе қаралды. 5 тұрақты комиссия 36 отырыс өткізіп, 90-ға жуық мәселені зерделеді. Бұл – халықтың мүддесін көздейтін ауқымды әрі жауапты жұмыс.

Алда бізді жаңа міндеттер мен тың бастамалар күтіп тұр. Бірлік пен табыс тілей отырып, жаңа жылда да осы серпінді сақтап, ортақ мақсаттар жолында жұмыла еңбек етеміз деп депутат сенім білдірді.

Бөлісу