Сенатордың кезекті кездесулері
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформа - мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызы бар екендігіне тоқталды.
Ұсынылып отырған Жаңа Конституция жобасы құқық қорғау органдары қызметінің құқықтық негіздерін одан әрі күшейтіп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы ретінде айқындалғаны туралы айтып өтті.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету - ішкі істер органдарының басты міндеті екендігі белгілі.
Конституция жобасының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Аталған норма ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағытын анықтайды.
Жобаның 3-бабында мемлекеттің қызметінің негіз қалаушы қағидаттарының қатарында заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері бекітіледі. Бұл құқық қорғау органдарының конституциялық мәртебесін күшейтуге бағытталған.
Кездесу соңында Конституция жобасы бойынша қойылған сұрақтарға Сенатор жауап берді.
Кездесуде Павлодар қаласы мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин, «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының басшысы Асылбек Туғанбай, Облыстық мәслихаттың депутаты Света Абдраманова қатысты.
Жалпы, «Әділ бидің елін дау араламайды» демекші, полиция саласының қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның жобасы - заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған негізгі құқықтық құжат екендігі және оларды Жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы шақырды.