Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатордың Павлодардағы кездесулері

23.02.2026 251

Сенатор А.Нухұлы зауыттың өндірісімен танысып жұмысшылар алдында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті және сыйлы. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.

Цифрлық технологиялар, кәсіптік дағдыларды дамыту мен әлеуметтік қолдауды біріктіретін кешенді шаралар арқылы еңбек адамының мәртебесін және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру – ұлттық экономиканың өсуі мен еліміздің өркендеуінің негізі болып табылады.

Депутат Алтынбек Нухұлы зауыттың жұмысшылары алдында жаңа Конституция жобасы бойынша ой-пікірісімен бөлісті. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен азаматтардың негізгі бостандықтары туралы қадап жазылған. Атап айтқанда, сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы және қоғамдық-саяси өмірге қатысу құқығы қамтылған. «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» ұғымдары бостандықты шектемейді, керісінше құқықтар мен қоғамдық тәртіп арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Конституция жобасы үш негізгі қағидатқа сүйенеді: бостандықтар, құқықтар және міндеттер. Мемлекет құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді, ал оларды тиімді жүзеге асыру әр азаматтың жауапкершілігіне және заң талаптарын сақтауына байланысты.

Сенатор жиналған жұмысшы қауымын  15 наурызда өтетін Жалпыхалықтық референдумға қатысып, бақытты әрі қауіпсіз болашақтың таңдауын жасауға шақырды.

Бөлісу