Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Алтынбек Нухұлы Ақсу қаласында кездесулер өткізді

24.02.2026 261

Бүгін Сенатор Алтынбек Нухұлы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы «Ақсу су арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының аясында барып, кездесу өткізді. Осы мекеменің басшылығы және ұжымымен жаңа Конституция жобасының преамбуласынан бастап, негізгі ережелеріне тоқталды. 

Адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін орнықтыру, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, өңірлердің дербестігін арттыру және мемлекет жауапкершілігін нақтылау баптары туралы қысқаша айтты. Бұл аса маңызды құжат – халық үніне құлақ асатын, қауіпсіз әрі прогрессивті қоғам құруға бағытталған тарихи қадам және 15-ші наурызда жалпыхалықтық референдумға келіп, өз қалауының дауыстарын беруіне шақырды. 

“АМАNAT” партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы ДЫЧКО Николай Васильевич өз ойларын ортаға салды. Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы ОМАРҒАЛИЕВ Мәдениет Қабылданұлы кездесуді жүргізіп, тақырыпқа байланысты сөз сөйлеп, референдумға келіп, дауыс беруге шақырды.

Бөлісу