Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Алтынбек Нухұлы Жаяу Мұса колледжінде

24.02.2026 255

Сенатор Алтынбек Нухұлы Ақсу қаласындағы кезекті кездесулерін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы Колледждің оқытушылар құрамы және студенттерімен жалғастырды.

Ел болашағы үшін айрықша маңызы бар тарихи құжат - Жаңа Конституция жобасы туралы түсіндірме және пікір алмасу форматында өз кездесуін өткізді. Конституция - бұл тек заңдар жиынтығы емес, ол мемлекетіміздің даму бағытын, қоғамның құндылықтарын және әр азаматтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын Ата Заң екендігіне тоқталды.

Ұсынылып отырған Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты - Әділетті, Қауіпсіз және Прогрессивті Қазақстан құру. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі мемлекеттік саясаттың негізгі қағидатына айналғаны туралы айтты. Әр азаматтың қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және тең мүмкіндіктері - мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқын көрсетілгені туралы толықтай баяндап берді.

Кәмелет жасына толған студенттерге, Жаңа Конституция жобасында жастарға, білім мен ғылымға ерекше басымдық берілгендігін, Еліміздің ертеңі, Қазақстанның интеллектуалдық және кәсіби әлеуетін қалыптастыратын буын екендігін және білім алу, кәсіп игеру, еңбек ету, өз қабілеттеріңізді жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде көрсетілгендігіне де тоқталды. Биылғы жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен “Цифрландыру және жасанды интеллект жылы” болып жариялануына байланысты заманауи технологияның мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану әрі осы салада жетістіктерге жетулеріне жастарға тілек білдірді.

Жаңа Конституция болашағымызды айқындайтын халықтық келісім. Сондықтан алдағы жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін дауыс беруге шақырды.

Бөлісу