Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Баянауыл ауылындағы кездесу

27.02.2026 278

2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылына жұмыс сапарымен барды.

Іс-шараға Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Мұқашев Руслан Рахметоллаұлы қатысты.

Кездесу барысында сенатор қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері туралы кеңінен ақпарат беріп, оның басты мақсаты – әділетті әрі адамға бағдарланған мемлекет құру екеніне ерекше назар аударды.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновацияны қолдау мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғаны атап өтілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Бөлісу