Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Күркелі ауылдық округі Жұмат Шанин атындағы ауыл тұрғындарымен кездесу

27.02.2026 256

Сол күні ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында Сенат депутаты Алтынбек Нухұлының келесі кездесуі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелін ауылдық округіне қарасты Жұмат Шанин атындағы ауылдың тұрғындарымен өтті.

Кездесу барысында сенатор конституциялық реформалардың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Жаңа Конституция жобасы демократиялық институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Қатысушыларға мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ цифрлық құқықтарды дамытуға бағытталған негізгі жаңашылдықтар таныстырылды.

Ауыл тұрғындары талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Кездесу қорытындысында сенатор азаматтарды алдағы жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырып, ел болашағын айқындауда әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу