Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!

05.03.2026 246

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

 

Павлодар облысы Шарбақты ауданына Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің сапары

 

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша халықты ақпараттандыру және алдағы жалпыхалықтық референдумға азаматтарды тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Павлодар облысының Шарбақты ауданына жұмыс сапарымен барды.

 

Бірінші кездесу Шарбақты ауылындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар табиғатты қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар алдағы референдумға қызығушылық танытып, пікір алмасуға белсенді қатысты.

 

Екінші кездесу Шарбақты ауылындағы «Никром» ЖШС өндірістік алаңында өтті. Сенатор еңбек ұжымымен конституциялық реформалардың экономиканы дамытудағы және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттырудағы маңызы жөнінде айтты. Кәсіпорын қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық жүзеге асырылуына қатысты сауалдарын қойды.

 

Үшінші кездесу Шарбақты ауылындағы аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен өтті. Сенатор Ата заңның жобасы туралы кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, жалпыұлттық коалиция тобының басқа мүшелері де ойларын ортаға салды. Ашық диалог барысында Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтары талқыланып, референдум арқылы ел болашағын айқындауда азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

 

Төртінші кездесу Орловка ауылындағы «Победа» ЖШС өндірістік алаңында еңбек ұжымымен өтті. Кездесу барысында әлеуметтік әділеттілік, өңірлерді қолдау және азаматтық қоғамның рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бөлісу