Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Алматы облысындағы кездесулерде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесін фермерлермен бірге талқылады

09.01.2024 299

Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында болды. Депутаттар облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен, жергілікті ауыл шаруашылығы ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Депутаттар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сенаторлар сапар аясында фермерлермен кездесті және ауыл шаруашылығы кооперацияларының тиімді дамуын тежейтін мәселелерді талқылады.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы жөніндегі заңнамада барлық негіздер жасалған, қажетті тетіктерге қол жетімді. Алайда, ауыл шаруашылығы кооперациясын жаппай дамытудың тежеуші факторлары да бар. Олар – кооперативтерді дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі, дайын өнімді өткізу жөніндегі сауда компанияларымен өзара қарым-қатынастың әлсіздігі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тапшылығы және әрекетсіз немесе қағаз жүзінде құрылған кооперативтер», - деп атап өтті сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Депутаттар фермерлермен кездесуде кооперативтер құру қажеттігіне тоқталды және қазіргі проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Жүздесулерде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген сұхбатындағы тұжырымдар туралы да айтылды.

Сенаторлар көтерілген өзекті мәселелер Сенат қабырғасында заң шығару жұмысы барысында ескерілетінін атап өтті.

Бөлісу