Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жанболат Жөргенбаев: Әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды

23.09.2024 273

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, онда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум өткізу мәселесін аймақтық штаб мүшелерімен бірге талқылады. Сенатор кездесу барысында еліміз үшін маңызды әрі тарихи оқиға – жалпыхалықтық референдумның жақындап қалғанын атап өтті және азаматтарды оған белсенді қатысуға шақырды.

Сенатор Мемлекет басшысы атап көрсеткен реформалар елімізде дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын және оның нәтижесін әрбір азамат сезінуі керектігіне тоқталды. Сондай-ақ еліміздің қазіргі таңда көмір жанатын станциялар өндіретін электр энергиясына тәуелді екеніне, оның да зор қауіп төндіретініне назар аударды.

«Атом электр станциясының құрылысын салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен экономикалық дамуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Жаһандық ауқымда төмен көміртекті экономикаға көшкен жағдайда атом электр станциясы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторына айналады. Атом электр станциясы қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысып, өз ұстанымын білдіруі маңызды», - деді Жанболат Жөргенбаев.

Кездесу соңында ел болашағы үшін әрбір азаматтың саналы таңдау жасауының маңыздылығы айтылды. Аудан тұрғындары маңызды бастамаларға қолдау білдіріп, өз ұсыныстарын білдірді.

Бөлісу