Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Жанболат Жөргенбаев: АЭС жобасын жүзеге асыру барысында жергілікті тұрғындардың мүддесін ескеру маңызды

26.09.2024 270

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Кеген, Нарынқол, Ақбейіт және Сарыжаз ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар атом электр станциясы жобасын жүзеге асырудың экологиялық және экономикалық мәселелерін талқылады.

Сенатор атом энергетикасының артықшылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және оны еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұрақты әрі заманауи шешімі ретінде атап өтті. АЭС жобасы жергілікті халықтың мүддесін ескере отырып жүзеге асады, құрылыс пен пайдаланудың әрбір қадамы қоршаған ортаға әсерді барынша азайту жөніндегі шаралармен үйлесім табатын болады.

«АЭС жобасы жергілікті тұрғындардың мүддесі мен қажеттілігін толық ескере отырып жүзеге асатын болады. Біз аймақтың экологиясын сақтаудың маңызды екенін түсінеміз, сондықтан қоршаған ортаға әсерді барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар, оның ішінде заманауи технология мен халықаралық қауіпсіздік стандарттары қабылданатын болады. Бұл ретте тұрғындар шетте қалмай, жобаны талқылауға белсене қатысады, сұрақтар қояды, өз ұсыныстарын білдіреді. Әрбір адам ашық және сындарлы пікірлесуге көмектесетін сенімді және айқын ақпаратқа қол жеткізе алады», - деді Жанболат Жөргенбаев.

Бөлісу