Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Жетісудағы су инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты

04.07.2025 272

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Ерболат Ибрайхановпен бірлесе отырып Жетісу облысындағы Панфилов ауданында су шаруашылығы саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысымен танысты.

Сенаторлар сапар аясында жаңа үш су қоймасының құрылысы жоспарланып отырған алаңдарды көріп шықты. Қазіргі уақытта осы нысандар бойынша мемлекеттік сараптамадан өтетін техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленуде. Сенаторлар су қоймаларының құрылысы өңірдегі агроөнеркәсіп секторы үшін және жалпы ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуда стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы су ресурстарын уақтылы және тиімді игеруге тікелей байланысты. Осы су қоймалары пайдалануға берілген жағдайда Панфилов ауданының 42,6 мың гектар жерін тұрақты сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Сенаторлар сапар соңында сумен тұрақты жабдықталмаса және сенімді инфрақұрылым болмаса онда өңірді одан әрі дамыту мүмкін еместігін атап өтті. Осы жобаларды іске асыру өңірдегі су қауіпсіздігін нығайтуға, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу