Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Жанболат Жөргенбаев шекара маңындағы аумақтарды дамытуға жүйелі қадамдардың маңыздылығын атап өтті

09.07.2025 274

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Кеген ауданында болды. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту, жолдардың жай-күйі, жергілікті жерді сумен жабдықтау және инфрақұрылым мәселелері басты назарда болды.

Сенатор Қарқара ауылындағы Қырғызстанмен мемлекеттік шекара аймағында болып, өткізу бекетін тексерді. Ол мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге нысанды жаңғырту, оның өткізу қабілетін арттыру және жергілікті тұрғындар мен туристердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Жанболат Жөргенбаев адамдардың өмірі мен өңірдің экономикалық дамуы үшін жол инфрақұрылымының маңызын атап өтті.

«Шекаралас аудандарда жүйелі даму қадамдарын жасау керек. Жақсы жол, сумен жабдықтау және заманауи өткізу бекеттері жайлы өмірдің көрінісі емес, қауіпсіздік пен болашақ дамудың мәселесі. Мұндай міндеттерді мемлекеттік деңгейде шешу қажет», - деп атап өтті Жанболат Жөргенбаев.

Депутат сондай-ақ «Көкпек-Кеген-Түп» және «Жалағаш-Көлсай-Саты» жолдарының жай-күйімен танысты. Бұл бағыттар таулы ауылдарға барғанда және туризмді дамытуда аса маңызды. Сенатор су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығын қолдауға көмектесетін суару және дренаждық нысандармен де танысты.

Бөлісу