Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Жанболат Жөргенбаев Алматы облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысымен танысты

26.12.2025 270

Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарында болды. Сапар барысында сенатор еңбек ұжымдарымен кездесіп, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың, оның ішінде «Neo Milk» сүт өнімдерін өңдеу зауытының, «Kelun-Kazpharm» фармацевтикалық кәсіпорнының, сондай-ақ «Plast Invest Production» полимерлік құбырлар өндірісінің қызметімен танысты.

Кездесулер аясында кәсіпорындардың ағымдағы қызметі, өндіріс көлемі, жаңғырту және кеңейту жоспарлары талқыланды. Жұмысшылардың ұсыныстарына, сондай-ақ өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Бұл кәсіпорындардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне, жаңа жұмыс орындарын құруына және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуына жеке тоқталды. Өңдеуші өндірістерді дамыту ішкі нарықтың өсуіне және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

«Отандық кәсіпорындарды дамыту, өндірістік процестерді жетілдіру және жергілікті бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру басымдық болып қалуы тиіс», - деп атап көрсетті Жанболат Жөргенбаев.

Кездесулер қорытындысы бойынша сенатор көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтауға және қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жіберуге дайын екенін білдірді.

Бөлісу