Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Қонаев қаласында Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды талқылады

08.01.2026 266

Парламент Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Қонаев қаласына барып, «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС қызметімен танысты.

Парламентшілер кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап, құрама жем, ұн және өсімдік майын шығарудың технологиялық процестерімен танысты. Өндірістік кешеннің дамыған логистикалық инфрақұрылымы бар екені атап өтілді: дайын өнім теміржол көлігімен экспортқа жіберіледі.

Сенаторлар «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді жаңғыртудың жаңа кезеңін белгілегенін, оның аясында экономиканың нақты секторын дамыту, өндірістік салаларды қолдау және тұрақты экономикалық базаны қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері екенін атап өтті.

Сенаторлардың айтуынша, осындай өндірістік нысандарды іске қосу өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және жергілікті тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік инфрақұрылымның белсенді дамуы және экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуі - өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызды факторлары болып табылатыны атап өтілді.

Бөлісу