Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Алатау қаласында кәсіпорындар қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасының ережелерін талқылады

20.02.2026 250

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев жаңа Конституция жобасын талқылау аясында Алатау қаласында орналасқан «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Негізгі заңның жаңа редакциясы жобасының  ережелерін, сондай-ақ алдағы елімізді одан әрі дамыту және демократиялық институттарды нығайтудағы Республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Сенатор Жанболат Жөргенбаев кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеп, азаматтардың қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Референдум еліміздің дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси қадам болып табылады. Азаматтардың мемлекет өмірінде шешім қабылдауға тікелей қатысуы демократия қағидаларын нығайтады және қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттырады. Ашық талқылау мен пікір алмасу қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді және мемлекет пен азамат арасындағы сындарлы диалогты дамыту үшін негіз қалыптастырады», - деп атап өтті сенатор.

Ашық диалог түрінде өткен кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстар айтты және Конституция жобасының жекелеген ережелері бойынша пікірлерімен бөлісті. Мұндай өзара іс-қимыл конституциялық өзгерістердің мәнін неғұрлым кең және нақты түсіндіруге мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтық белсенділік, еңбек ұжымдарының тартылуы және талқылаулардың ашықтығы қоғамдық келісімді нығайтуда және еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

Бөлісу