Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Іле ауданы кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті

24.02.2026 254

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Күзиев Жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында Іле ауданындағы «Алатау Жарық» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Шара өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында өтті.

Кездесу барысында аумақтарды тұрақты дамыту, еңбек ұжымдарын қолдау, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді нығайтудағы конституциялық реформалардың маңызы талқыланды.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Жанболат Жөргенбаев жаңа Конституция еліміздің одан әрі дамуы мен өңірлердің рөлін күшейту үшін берік негіз қалайтынын атап өтті.

«Конституциялық өзгерістер әділеттілік қағидаттарын, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайтуға және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсу үшін, оның ішінде жергілікті жерлерде жағдай жасауға бағытталған», - деді сенатор.

Закиржан Кузиев өз кезегінде еңбек ұжымдарымен тұрақты диалогтың және мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде азаматтардың ұсыныстарын ескерудің маңыздылығына назар аударды.

«Адамдармен кері байланыс, олардың ұсыныстары мен бастамалары біздің жұмысымызда маңызды меже болып табылады. Дәл осындай ашық диалог арқылы тиімді және сұранысқа ие шешімдер қалыптасады», - деді ол.

Пікірлесу барысында кәсіпорын қызметкерлері сенаторларға бірқатар өзекті сұрақтар қойып, ауданның дамуы мен әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіне қатысты ұсыныстар айтты. Көтерілген тақырыптар бойынша түсініктемелер берілді, Мәселелердің бір бөлігі бақылауға алынды.

Кездесу жаңа конституция жобасының ережелерін түсіндіру және Парламент пен жергілікті жерлердегі еңбек ұжымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды.

Бөлісу