Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жанболат Жөргенбаев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті

04.03.2026 139

Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында Жамбыл ауданындағы Қайназар ауылының №2 орта мектебінде тұрғындарымен кездесу болды. Оған 150-ге жуық адам қатысты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өз сөзінде жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды және елімізді одан әрі дамытуда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Сенатор ұсынылған өзгерістер әділетті және өскелең қоғамды қалыптастыруға, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын жеткізді.

«Конституциялық реформа мемлекеттік саясатта адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік пен заңдылық негізгі басымдықтар болып табылатын қоғамдық дамудың әділетті үлгісін құруға бағытталған», - деді Жанболат Жөргенбаев.

Аудан тұрғындары кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Барлық көтерілген тақырыптар туралы тиісті түсініктеме берілді.

Қатысушылар кездесу қорытындысы бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы ашық пікірлесудің маңыздылығын айта келіп, конституциялық өзгерістерді талқылауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Бөлісу