Сенаторлар қалдықтарды басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру тәсілдерін талқылады
ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары қалдықтардың барлық түрлерін (радиоактивтілерден басқа) басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты.
Парламент депутаттарына талқылау барысында қалдықтардың айналымын реттеу мен бақылаудың заманауи жүйесін жасау, қалдықтарды шығарушылар мен тасымалдаудың цифрлық есебін енгізу, сондай-ақ сұрыптау мен қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытумен қоса саланы трансформациялаудың негізгі бағыттары туралы айтылды. Саланы басқарудың институционалдық үлгісін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік органдардың, өңірлер мен бизнестің өзара іс-қимылын үйлестіретін ұлттық оператор мәртебесін «Жасыл даму» АҚ-на беру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сенаторлар ұсынылған тәсілдерді іске асыру заңнаманы кешенді жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты, Экологиялық кодекс пен басқа да нормативтік актілерге 2026-2027 жылдары мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлу, қалдықтарды цифрлық қадағалау тетіктерін енгізу, сондай-ақ қайта өңдеуді дамытуды ынталандыру және сала инфрақұрылымына инвестиция тартуға бағытталған жүйелі түзетулер топтамасын дайындау жоспарланып отыр.
Талқылау барысында өңірлердегі экологиялық ахуал мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар рұқсат етілмеген полигондар мәселесін шешу қажеттігін және ауылдық елді мекендерде қалдықтарды шығаратын ұйымдастырылған жүйенің жоқтығына тоқталды. Ұсынылған шаралар ауданаралық сұрыптау орталықтарын құру, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін дамыту және жергілікті жерлерде қалдықтарды басқарудың заманауи үлгісін енгізуді көздейді.