Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта мал шаруашылығы, ара шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғауға қатысты заңдар қаралуда

10.06.2026 130

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ара шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңдарды қарады.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормалары талқыланды. Құжатта асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесін жетілдіру, асыл тұқымды өнім импортына бақылауды күшейту, мемлекеттік инспекторлардың өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ ара шаруашылығын дамыту және ара популяциясын сақтау жөніндегі шаралар көзделген. Сонымен қатар заңмен ара шаруашылығы саласына жаңа ұғымдар енгізіліп, оқшауланған шағылыстыру пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар белгіленеді және омарталарға ветеринариялық паспорт енгізу қарастырылады.

Сондай-ақ комитет мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. Заң аңшылық саласын дамытуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және жануарлар дүниесін басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған. Ұсынылып отырған шаралардың қатарында аң аулауға қойылатын талаптарды күшейту, аң өсіру ісін дамыту, жануарлар санын реттеу тетіктерін жетілдіру, сирек кездесетін түрлерді қорғау, сондай-ақ шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде қосымша экологиялық талаптарды енгізу бар.

Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады. Түзетулер аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ үй жануарларына жауапкершілікпен қарау талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Жекелеген нормалар экологиялық бақылауды күшейтуге және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алуға бағытталған.


Бөлісу