әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі Хатшылығының ХХ отырысы
Бүгін, 13 қыркүйекте әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі Хатшылығының ХХ отырысына қатыстым. Хатшылықтың отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері – Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтті . Съезде келесілер құттықтау сөз сөйледі:
1. Абдель Азиз бен Ахмад Сархан, Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшының арнайы өкілі.
2. Дмитрий Сафонов, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының дінаралық байланыс жөніндегі Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің хатшысы, дін қызметшісі.
3. Халед Акаше, Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі Ислам бюросының меңгерушісі, монсеньор.
4. Захра Рашидбейги, Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының Ислам және Христиан диалогыдепартаментінің директоры, доктор.
5. Раввин Шломо Кук, Бас сефард раввинінің өкілі, раввин.
Хатшылық отырысының қорытындысы бойынша Хатшылықтың ХХІ отырысын 2023 жылдың күзінде, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезін 2025 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.