Айнұр Арғынбекова Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарымен "Қазақстан - Малайзия" достық тобының онлайн - отырысына қатысты.
Айнұр Арғынбекова Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарымен "Қазақстан - Малайзия" достық тобының онлайн - отырысына қатысты, оның барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, стратегиялық әріптестікті дамыту және түрлі салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. Отырыс Қазақстан мен Малайзияның екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, парламенттік дипломатияны нығайтуға және екі мемлекеттің мүддесі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара көзқарасын растады.