Депутат Айнұр Арғынбекова "Семей-Құрылыс" зауытының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында елімізде ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін референдум туралы айтып берді. Атом энергетикасы мен өнеркәсіптің дамуы тұрғысынан күн тәртібінің өзектілігі туралы айтылып өтті. Атом электр станциясының құрылысы елдің бүкіл экономикасының дамуына мультипликативті әсер береді. Қазіргі уақытта елде атом энергитикасын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Уран қоры бойынша біз әлемде екінші орында тұрмыз.