Депутат Айнұр Арғынбекова Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттарымен бірге Абай облысында денсаулық сақтау жүйесін кадрмен қамтамасыз етуге арналған көшпелі отырыс өткізді.
Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіптің басшылығымен өткен шараға мемлекеттік органдар өкілдері, облыс әкімдігі, сарапшылар мен медицина мамандары қатысты. Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Қазақстанның әрбір өңірін білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету міндетінің маңыздылығын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сай, кадрлық әлеуетті нығайту денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Қатысушылар кадр тапшылғын жою, жас дәрігерлерді ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ынталандыру және медицина саласындағы заңнамалық қолдауды талқылады.