Айнұр Арғынбекованың төрағалығымен Сенатта мүгедектігі бар балаларды кешенді қолдауға арналған жаңа Заң жобасын әзірлеу талқыланды.
Бұл құжат мүгедектігі бар балаларға медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмекті жетілдіріп қана қоймай, олардың қоғамға толықтай кіруіне жағдай жасайды. Осыған орай, жұмыс тобы заңнамадағы ұғымдарды нақтылау, мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы үйлестіру тетіктерін жетілдіру және басқа да маңызды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.