Сенатор Айнұр Арғынбекова Семей қаласының іскер әйелдерімен және Абай өңіріндегі Қазақстан әйелдер күштері альянсының мүшелерімен кездесті.
Қатысушылар баспана мәселесі, жастар арасында несие алушылардың артуы және ойынға тәуелділік мәселелерін талқылады.
Әйелдер күштері альянсының өкілі отбасы құндылықтарын сақтау мақсатымен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтты. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар тарапынан «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» бағыты бойынша ҮЕҰ-ға гранттар бөлу туралы ұсыныс айтылды. Бұл жастарды ұлттық дәстүрге табан тірей отырып тәрбиелеуді және отбасы институтын құрметтеуді дәріптейді.
Өз кезегінде депутат Парламент Сенатының заң шығару қызметі туралы, лудоманиямен күрес мақсатымен қабылданған заңға кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, Парламент депутаты Абай ауданы мәслихатының депутаттарымен кездесті. Қатысушылар медициналық сақтандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету және білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады. Сенатор өңірлік мәселелерді шешуде және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында барлық деңгейдегі депутаттар ерекше рөл атқаратынын тілге тиек етті.