Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Айнұр Арғынбекова Абай облысына жұмыс сапары аясында Мақаншы ауданының «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысандарымен танысты.

27.07.2024 138
Депутат Жаңадан құрылған Мақаншы ауданына жұмыс сапары аясында Мақаншы ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысандарға барды. Күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория. Тәулігіне 100 қабылдауға және сыйымдылығы 15 адам болатын күндізгі стационарға есептелген. Құрылыс 2024 жылы басталды. Келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарланған. Мұнда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі көтерілді.
Келесі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан – 140 орындық балабақшаға барды. Құрылыс 2023 жылы басталды. Биыл құрылысты аяқтау жоспарлануда.
Осы объектілердің құрылысын уақтылы аяқтау үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қаражатын одан әрі бөлу талап етіледі. Бұл мәселені бақылауда ұстаймын.
Салынып жатқан әлеуметтік нысандардың аудан орталығы үшін маңызы зор.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айының басында Мақаншы ауылында ашылған Мансап орталығына барды. Мансап орталығының жұмысы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды және жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Бұл жұмыс орындарын субсидиялау, қысқа мерзімді оқыту, өтеусіз гранттар және отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек.
Мақаншы орта мектебіне барып, оқу бағдарламасымен және материалдық-техникалық базамен, сондай-ақ мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Алакөл жағалауын электр энергиясымен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, су құбыры желілеріне қызмет көрсету ұйымдары және т. б. бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Бөлісу