Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Айнұр Арғынбекова Абай облысына жұмыс сапары барысында Қарағайлы жаңа ауданы мен Водный кентіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан нысандарды аралады

25.07.2024 137

Семей қаласында оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары қалада жалпы жобалық қуаты 3600 орындық 5 мектеп салынады. Тапсырыс беруші Абай облысының құрылыс басқармасы болып табылады. Осы жобалар бойынша бірыңғай оператор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (ЖСҚ әзірлеуге және құрылысқа Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) болып табылады. Жер учаскелері бар және бірыңғай операторға ресімделген. Мектептердің құрылысы республикалық бюджет (нысаналы трансферттер) және Ұлттық қор есебінен іске асырылады.
2024 жылы 2 мектеп іске қосылады:
- «Қарағайлы» шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп (шығыс жағы)
- «Водный» кентіндегі 600 орындық мектеп.
2024-2025 жылдары жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және 3 мектеп салу жоспарлануда:
- «Қарағайлы» шағынауданындағы 900 орындық мектеп (батыс жағы)
- «Ақсай» кентіндегі 600 орындық мектеп
- Шығыс оң жақ массивіндегі 300 орындық мектеп (Связист кентінің ауданы).
Нысандарды аралау барысында құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталғанын атап өтті, бұл өңір үшін өмірлік маңызды мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.
Бөлісу