Депутат Айнұр Арғынбекова облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттарымен кездесу өткізді.
Депутат облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттарымен кездесу өткізді. кездесу барысында заңнама мәселелерін талқыланды, Сенаттың жұмысы туралы, өткен кезеңде қабылданған заңдар туралы айтылды. Сонымен қатар, Сенаттың жергілікті депутаттармен өзара іс-қимылы, өңірдің проблемаларын шешу бойынша бірлескен жұмыс үшін барлық деңгейдегі депутаттар рөлінің маңыздылығы, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін депутаттардың өзара іс-қимылы талқыланды. Осы бағыт бойынша жергілікті депутаттық корпусқа Сенаттағы «Өңір» тобының жұмысы туралы, сондай-ақ облыстарды дамытудың кешенді жоспары мен мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша мониторингті қалай жүргізетіндігі туралы баяндалды.
Кездесу барысында ағымдағы жұмыс мәселелерін шешу, сайлаушылардың алдында тұрған мәселелерді шешу үшін пікір алмасты. Сонымен қатар, МӘМС, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың санаттары, білім беру объектілерін жаңа оқу жылына дайындау мәселелерін қарастырып, депутаттарға өздерінің сайлау округтеріндегі білім беру мекемелерінде жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапасын қарауды ұсынды.