Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары елдер арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болып табылады.
Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары елдер арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Ол көпжоспарлы ынтымақтастықты ілгерілету және Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігін, тату көршілік пен өзара түсіністік дәстүрлерін нығайту үшін зор маңызға ие.
Сапардың басым тақырыптарының ішінде білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Бұл гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге және екі елдің университеттері мен ғылыми мекемелері арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді.