Сенаттың, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым Комитетінде «Әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу және азаматтардың, әлеуметтік осал топтарына қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сенаттың, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу және азаматтардың, әлеуметтік осал топтарына қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Отырысқа депутаттармен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Цифрлық даму министрліктерінің өкілдері катысты. Кездесуде «әлеуметтік әмиян» арқылы әлеуметтік көмек көрсетуді тиімді ету, окушыларға тегін тамақтану мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бакылау маселелері сөз болды. Отырысты қорытындылай келе, Нұртөре Жүсіп «әлеуметтік әмиян» жобасының әділ және ашық, әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, мұқтаж жандарға көмек керсетуді жетілдіруге негіз болатынын атап өтті.