Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Айнұр Арғынбекова Абай облысы Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барды. Күн тәртібінде Курчатов қаласының базасында ғылымды көп қажет ететін аумақты құру мәселелері тұрды, бұл өңірдің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болады.

05.01.2025 143

Осы жылдың 5 қаңтарында Абай облысына жұмыс сапары аясында Курчатов қаласында болып, Курчатов қаласының, Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық технолгиялар паркінің басшылығымен Ғылымтану бойынша Заң жобасын дайындау мәселелері бойынша кездесу өткізді. Сұрақтар көп, тақырып өзекті және аймақ үшін өте маңызды болды. Мұнда тек ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктерін ғана емес, моноқаланың инфрақұрылымын одан әрі дамытуды, әлеуметтік нысандардың болуы мен мүкіндіктерін ескеру қажеттілігі туындады.

Депутат болашақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы болатын ғимаратты қалпына келтіріп, осы орталықты мердігерлер заманауи және сапалы жабдықтармен жабдықтауды аяқтап жатқанын көрді . Жақында бұл нысан Курчатовтың жас азаматтарына есігін айқара ашатын болады.

Сонымен қатар, депутат қалпына келтірілетін тұрғын үй қорының нысандарын аралады, бұл 2 көппәтерлі үй, онда жұмыстар 2025 жылдың 2 тоқсанында аяқталатын болады. Облыстық білім басқармасының бақылауында алынуы қажет білім беру жүйесінің проблемалық объектілері де бар. Атап айтқанда, күрделі жөндеуді қажет ететін 1967 жылы салынған "№2 Жалпы орта білім беретін мектеп" КММ.

Жалпы, Курчатов қаласы жақсы жаққа өзгеріп жатқанын байқауға болады және бұл әлеуметтік нысандарда да, тұрғын үйлерде де байқалады.

Бөлісу