Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат А. Арғынбекова Абай облысына жұмыс сапары аясында жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының бірнеше ауылдық округтерінде болды.

06.01.2025 143

Депутат А. Арғынбекова Абай облысына жұмыс сапары аясында жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының бірнеше ауылдық округтерінде болды. Мақсаты фельдшерлік-акушерлік пункттердің (ФАП) жұмысымен, ауылдық елді мекендердің нормативтерге сәйкес медициналық көмекпен, сондай-ақ медициналық кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейімен танысу болды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес Жаңасемей ауданында 14 ФАП құрылысы алдын ала бекітілді. Ауылдық округтердің әкімдері қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізе отырып, объектілерді салуға жер учаскелерін белгіледі.
Депутат барған 4 денсаулық сақтау нысандарының барлығында өз ғимараттары жоқ. Қазіргі уақытта Жаңасемей ауданында 20500 тұрғын тұрады және олар үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету мәселелері ерекше маңызды. Ең бастысы, ФАП жобаларында диагностикалық қызметтер үшін зертханалардың болуы және күндізгі стационарлардың болуы көзделген, бұл шалғайдағы ауылдық округтердің тұрғындары үшін ыңғайлы болады.
Сапар қорытындысы бойынша депутат барлық мәселелерді өз бақылауына алды.

Бөлісу