Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын іске асыру аясында денсаулық сақтауды цифрландыру және медициналық сақтандыруды дамытуға арналған кеңейтілген отырыс болды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп цифрландырудың медицианлық көмек сапасын жақсартып, жүйенің тиімділігін арттыратынын атап өтті. Өз кезегінде депутат А.Арғынбекова тақырып аясында баяндама жасады.
Отырысқа министрліктер, сарапшылар және жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері қатысып, жүйені жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар қаралды. Талқылау нәтижесінде денсаулық сақтау және МӘМС жүйесін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды іске асыруға орай жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.