EXPO көрме алаңында Болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын біріктірген "Жұмысшы кәсіптер қаласы" өтуде.
EXPOкөрме алаңында Болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын біріктірген "Жұмысшы кәсіптер қаласы" өтуде. Бұл мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара. Фестиваль Білім Министрлігінің және басқа да мамандандырылған ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өткізіледі. Мұнда 200-ден астам мамандықтармен танысуға және экономиканың түрлі салаларының ерекшеліктері туралы білуге болатын 40 интерактивті көрме аймағы ұсынылған.