Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор А. Арғынбекова, Сенат Төрағасы мен бір топ депутаттармен Қытайға сапары аясында Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті Төрағасының орынбасары Ши Тайфэнмен және Қытайдың дін көшбасшыларымен кездесті.

21.01.2025 143

Сенатор А. Арғынбекова, Сенат Төрағасы мен бір топ депутаттарымен Қытайға сапары аясында Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті Төрағасының орынбасары  Ши Тайфэнмен және Қытайдың дін көшбасшыларымен кездесті. Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі аясында конфессияаралық диалогты нығайту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған жаһандық бастамларына тоқталып, «Адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығы» идеясын ілгерілету маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне Қытай дін лидерлерін шақырды. Қытай даодистер қауымдастығының төрағасы Лун Чуаньжы және Қытай буддистер қауымдастығының төрағасы Цзян Цзяньхуа Қазақстанның конфессияаралық диалогты нығайтудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниет білдірді.

Бөлісу