«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша презентация өтті.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша (бұдан әрі-Заң) презентация өтті. Презентацияға Парламент Сенатының депутаттары, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Туризм және спорт вице-министрі мен өкілдері және басқа мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Заң бойынша баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойды, соның ішінде өзгерістерді іске асырудың нюанстары бойынша, оған бейінді министрліктер тарапынан толық жауаптар берілді.