Құрметті Отан қорғаушылар!
Құрметті Отан қорғаушылар! Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл күн-батылдықтың, елдіктің және өз Отанына деген адалдықтың символы. Сондай-ақ, Отанға қызмет эстафетасын беретін ұрпақтардың ажырамас байланысын білдіреді. Сіздер – мемлекетіміздің сенімді тірегісізсіздер, сонымег қатар бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілісіздер. Сіздердің жанқиярлықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және кез келген сәтте елдің мүдделерін қорғауға дайын болуларыңыз терең құрмет пен таңданыс тудырады. Сіздер өздеріңізді игі іске - Қазақстанның қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етуге арнадыңыздар. Осы айтулы күні Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық, Отанға қызмет етуде жаңа жетістіктер және бейбіт аспан тілеймін! Отбасыларыңызда әрдайым келісім, махаббат және өзара түсіністік орнай берсін. Мереке құтты болсын, құрметті қорғаушылар!